Астанада алты жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

12 Тамыз, 09:40 442

Астанада алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға елордада 11 тамызда болған. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, торлар баланы құлаудан қорғамайды, балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз, - деп үндеу жасады ТЖМ баспасөз қызметі қазақстандықтарға.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: