Астанада алма, мамыргүл және қызғалдақ гүлдеді

13 Мамыр, 14:22 642

Астанада алма, мамыргүл, қызғалдақ гүлдеді. Мәселен, Ататүрік саябағында (Байқоңыр ауданы) Алма аллеясы бар. Қазіргі уақытта бұл саябақта 100-ге жуық алма, 50-ден астам мамыргүл гүлдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, «Ататүрік» саябағы 20 жыл бұрын 2004 жылы салынған. Саябақ елорда тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті орындарының біріне айналды. Мұнда елорданың мәдени-бұқаралық іс-шаралары өтеді.

Суреттер: Астана қалалық әкімдігі

Мадина Асылбекова
Бөлісу: