Астанада Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылады

8 Тамыз, 14:21 339

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтың қатысуымен Ақордада өткен келіссөздерден кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Астанада өзбек халқының ұлы перзенті, ойшыл ақын Әлішер Науаидің ескерткіші ашылады. Бұл қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі. Әлішер Науаиді күллі түркі жұрты қадыр тұтады. Оның мұрасын барша адамзаттың рухани қазынасы деп санайды, - деді Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттағаны туралы жазғанбыз.

Миражан Махан
Бөлісу: