Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, экс-президенттер, халықаралық ұйымдардың басшылары, медиа саласының майталман мамандары мен танымал тұлғалар арнайы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа медианы дамыту, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану мәселелерінің шешімін табу мақсатында ұйымдастырылып отырған форумда Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын қарастырылады. Бірыңғай медиа платформа қалыптастыру - өңірлік және жаһандық кооперация мүмкіндіктерін кеңейтеді.