Астанада әлеуметтік желі арқылы таныстықтың соңы телефон ұрлығымен аяқталды

22 Желтоқсан 2023, 13:46 1169

Астанада әлеуметтік желідегі онлайн танысудың соңы ұялы телефонның ұрлығымен аяқталып отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Нұра ауданының полиция басқармасына 49 жастағы әйел ұрлық туралы хабарлаған. Әйел азаматша Instagram әлеуметтік желісінде 44 жастағы ер адаммен танысқанын айтқан. Аз-кем виртуалды қарым-қатынастан кейін әйел жаңа танысын үйіне қонаққа шақырған. Кездесуде екеуі ішімдік ішіп, әйелдің ұйықтағанын күткен қонақ құны шамамен 150 мың теңге тұратын телефонын алып, үйден шығып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала тұрғынын анықтап, ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: