Роза Бағланова атындағы “Qazaqstan” концерттік залында Германия елінің классикалық концерті өтті деп хабарлайды ақпарттық портал El.kz
Елордада «Alem Saz» фистивалі жалғасуда. Бүгін сахна төрінде Германия елінің атақты классикалық музыканттары виолончелист Райнхард Армледер мен Дагмар Хартман фортепианода өнер көрсетті. Концерттің ашылу салтанатында Германия елшілігі келіп, концерт қонақтарына жылы ілтипатын білдірді. Классика жанрында музыка сүйетін көрермен қауым өте керемет әсерде болды.
Айта кетейік, апта соңына дейін Түркия, Ресей, Белорус елдерінің көрмелері мен концерттік бағдарламалары болады.