Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алдағы бес жыл ішінде елордада сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 3-5 есеге қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Елорда әкімдігі 2035 жылға дейінгі келешекте қажетті көлемде тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Сәтбаев каналынан үшінші Сорғы-сүзгі стансаға дейін берілетін су құбырын салу мәселесін қарастыруда. Осы жоба бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын 2024 жылы бастау жоспарланған. Қажетті қаражат көлемі мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жобасынан өткеннен кейін айқындалатын болады», - деді әкімдік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Ұсынылған ақпаратқа қарағанда су құбырын жобалауды шамамен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің баламалы жолдарының бірі - халық үшін сумен жабдықтау қызметтеріне тарифті таяудағы 5 жылда орта есеппен 3-5 есеге арттыру. Бұл жол елорда тұрғындарының ауыз суды үнемді және ұқыпты пайдалануына ықпал ететін болады. Сонымен қатар, бұл тұрғын үйлер мен пәтерлерде суды үнемдейтін сантехникалық құрылғыларды орнатуға және пайдалануға әкеледі, - деп нақтылайды әкімдіктен.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары