Астанада алдағы 5 жылда тариф бағасы артуы мүмкін

13 Тамыз 2023, 09:48 559

Алдағы бес жыл ішінде елордада сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 3-5 есеге қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Елорда әкімдігі 2035 жылға дейінгі келешекте қажетті көлемде тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Сәтбаев каналынан үшінші Сорғы-сүзгі стансаға дейін берілетін су құбырын салу мәселесін қарастыруда. Осы жоба бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын 2024 жылы бастау жоспарланған. Қажетті қаражат көлемі мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жобасынан өткеннен кейін айқындалатын болады», - деді әкімдік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ұсынылған ақпаратқа қарағанда су құбырын жобалауды шамамен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің баламалы жолдарының бірі - халық үшін сумен жабдықтау қызметтеріне тарифті таяудағы 5 жылда орта есеппен 3-5 есеге арттыру. Бұл жол елорда тұрғындарының ауыз суды үнемді және ұқыпты пайдалануына ықпал ететін болады. Сонымен қатар, бұл тұрғын үйлер мен пәтерлерде суды үнемдейтін сантехникалық құрылғыларды орнатуға және пайдалануға әкеледі, - деп нақтылайды әкімдіктен.

Асқар Таудай
Бөлісу: