Астанада алаяқ зейнеткердің 3 млн теңгесін қалтасына басқан

18 Қаңтар, 10:41 735

Астанада алаяқ зейнеткердің 3 млн теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарыарқа аудандық полиция бөліміне елорда тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, әлдебір ер адам оны фильтр ауыстырамыз деген желеумен алдап, ақшасын иемденіп кеткен.

Күдікті 67 жастағы елорда тұрғынының 3 миллионға жуық ақшасын жымқырып кеткен. Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел-тергеу тобы зейнеткерді алдаған алаяқты ұстау үшін қажетті шараларды қабылдап, іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 24 жастағы ер адамды анықтаған.

Белгілі болғандай, жас жігіт дәл осылай елорданың тағы бірнеше тұрғынын алдап үлгерген. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: