Астанада адасқан қызды Ұлан сарбаздары жақындарына тапсырды

26 Қаңтар, 08:22 750

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елордада адасып кеткен кішкентай қызды тауып, ата-анасымен табыстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

24 қаңтарда Астана қаласының Нұра ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқарған әскери жасақ бастығы қатардағы Буняд Музаффаров пен патрульші қатардағы жауынгер Жүрсін Ерлікұлы көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген бес жасар қызды байқады. Белгілі болғандай, ол ата-анасынан алыстап, адасып кеткен.

Біз бұл туралы әскери жасақтар бойынша кезекшіге дереу хабарладық. 15 минуттан кейін қыздың анасы бізге келді. Анасына қызын тапсырдық, - деді қатардағы жауынгер Буняд Музаффаров.

Сәбидің ата-анасы әскери жасаққа, сондай-ақ әскери бөлімнің қолбасшылығына зор алғысын білдірді.

Перизат Саденова
Бөлісу: