Астанада абаттандыру ережелерін бұзғандар жазаланды

8 Желтоқсан, 16:04 383

Астананың Сарыарқа ауданында абаттандыру ережелерін бұзғандар жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтар болсақ, «Таза Қазақстан. Астана -тазалық пен тәртіптің үлгісі акциясы аясында 2 желтоқсан күні заңсыз қоқыс төккені үшін КАМАЗ жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері аудан аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жасағаны үшін 3843 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 3,6 миллион теңгеден асқан.

Абаттандыру ережелерін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 30-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, елордада стихиялық рұқсат етілмеген полигондармен жүйелі күрес жалғасуда. 2024 жылдың басынан бері елорда аудандарынан 300-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Олардан полигондарға 172 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: