Астанада 700-ден астам автобус желіге шықты

Кеше, 16:51 190

Астананың қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңарды. Бұл жаңа автобустардың арқасында мүмкін болды. Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам автобус шықты. ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қоғамдық көлік пен жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын арттыру, жайлылық пен қолжетімділікті жақсарту арқылы қоғамдық көлікті пайдалану үлесін арттыру.

Биыл жалпы ұзындығы 60 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Әл-Фараби даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көпірдің құрылысы аяқталды, бұл Мәңгілік Ел даңғылындағы көлік ағынының азаюына әсер етті, сол сияқты оң және сол жағалаулар арасындағы жылдам қозғалысқа септігін тигізді. Сондай-ақ, жыл сайын қалаға жаңа автобустар жеткізіп, қоғамдық көлік паркін жақсарту бойынша жұмыс істейміз, - деді Астана әкімі.

Мысалы, биыл желіге 300-ден астам автобус шықты. Екі жыл ішінде автобус паркі 706 жаңа автобуспен толықты. Осылайша, қаланың автопаркі 45%-ға жаңартылды.

2025 жылы қоғамдық көлік паркін тағы 300 бірлікке ұлғайту жоспарланып отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: