Астанада 7 жасар бала досының өмірін сақтап қалды

1 Наурыз, 11:46 2516

Астанада балықшылар суға құлаған 7 жастағы баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бойынша «102»жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген. Түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалау бойымен серуендеуге барып, ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен.

Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген адамдардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Астана Полиция департаменті ата-аналарға балаларымен мұзға шығудың қауіптілігі туралы ұдайы айтып отыруды ескертеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: