Астанада 7 мыңнан астам науқас гептатит індеті бойынша диспансерлік есепке тұрған

4 Тамыз 2023, 12:09 1176

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, әлемде 354 миллионнан астам адам В және С гепатитінің созылмалы түрлерімен ауырады. Бұл туралы Астана қаласы Гепатология орталығының басшысы Күнсұлу Шамсивалиева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлем бойынша адамдардың С гепатитінен емделуі әлі де қолжетімсіз болып отыр. В гепатитімен ауыратын науқастардың 90 пайызы және С гепатитімен ауыратын науқастардың 80 пайызы өздерінің ауру жұқтырғанын білмейді, - дейді Күнсұлу Шамсивалиева.

Астана қаласында 2023 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша 7500-ден астам науқас диспансерлік есепке тұрған.

Астанада 2012-2022 жылдары С гепатиті бар 7000-нан астам пациент емделді. Ал В гепатиті бойынша 1208 емделуші ем алды. Қазір оның 635-і осы жылы ем алуын жалғастыруда, - деді Астана қаласы Гепатология орталығының басшысы.

Вирустық гепатиттер А және Е гепатитіне бөлінеді. Ол ластанған, қайнатылмаған судан, сапалы емес тағамдардан табылатын инфекция болуы мүмкін.

Бұл инфекциялардың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. Халықты сапалы, таза ауыз сумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтауларыңыз тиіс. Яғни тамақ ішер алдында және дәретханаға барған соң қолды мұқият жуу қажет, - дейді Күнсұлу Шамсивалиева.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: