02.06.2023
09:52
1863
Астанада 60-тан астам көше атауы өзгереді

Астанада 60-тан астам көше атауы өзгереді

Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Молдабаеваның хабарлауынша, 60-тан астам көше мен 15 мектептің атауын өзгертуге қатысты дайын ұсыныстар бар. Бұл ұсыныстар алдағы ономастикалық комиссия отырысының күн тәртібінде қаралады.

Ол елордада 17 даңғыл, 4 автомагистраль мен 1110 көше бар екенін айтты. Олардың басым бөлігіне 1997 жылдан бері танымал тұлғылардың есімдері берілген.