Астанада 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмысы ашылды

3 Сәуір 2023, 12:35 983

Олар жыл бойы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұстаумен айналысқаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ІІМ баспасөз мәслихатында айтылды.

«Жүйелі қылмыстық табыс табу мақсатында күдіктілер астананың элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінен 3 пәтер жалдап, притондар ұйымдастырған болып шықты. Қылмыскерлер өз қызметін аса құпия ұстау үшін тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен байланыс орнатып, полиция рейдтері туралы ескерту жасау жайында келісім жасасқан. Рейдтер жүріп жатқан жағдайда, олар дереу жалдамалы пәтерлерден кетіп қалады. Клиенттердің пәтерлерге кіруі тек әкімшіге қоңырау шалу арқылы қамтамасыз етілді. Интимдік қызмет көрсетуге қыздар массаж салондарында жұмыс істеу туралы таратылған жарнамалар арқылы тартылғаны белгілі болды. Бірақ сұхбаттасу барысында оларға 50-ден 50-ге дейін жұмыс жағдайымен жезөкшелікпен айналысу ұсынылғаны анықталды», – дейді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Ұйымдастырушылар криминалдық бизнестен орта есеппен күн сайын 1 млн.теңгеге дейін алып отырған. Полиция қызметкерлері ұстау шаралары кезінде интимдік қызмет көрсететін 11 адамды анықтады.

«Тінту барысында 20 мың АҚШ доллары, 156 мың Ресей рубльі және 720 еуро сомасында ақшалай қаражат тәркіленді. Осы факті бойынша ұйымдасқан топты құру және оған басшылық ету, притон ұстау және жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұсталып, екеуі қамауда отыр. Қалғандарына қатысты «ешқайда кетпеу жөнінде қолхат жазу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді ол.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: