17.11.2024
19:13
834
Астанада 5 жасар қыздың аяғы радиаторға қыстырылып қалған

Астанада 5 жасар қыздың аяғы радиаторға қыстырылып қалған

Елордалық құтқарушылар бес жасар қыз балаға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 112 қызметіне елордадағы Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы пәтерде жылыту радиаторында 2019 жылы туған баланың аяғы қыстырылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына дереу барған. Кәсіби іс-әрекеттер барысында баланың аяғына жарақат келтірмей босатылды.