Астанада 5 емхана бой көтереді

25 Қараша 2023, 05:18 677

Биыл Астанада жеке инвестиция есебінен бір ауысымда 500 адам қабылдайтын амбулаториялық кешен мен 250 адамға арналған медициналық орталықтың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, елордада алдағы уақытта жеке инвестиция есебінен 5 емхана салу жоспарлануда.

Биыл Бейбарыс Сұлтан көшесінде амбулаториялық кешен мен Қабанбай батыр даңғылында «АлауМедСервис» медициналық орталығының құрылысы аяқталды. Алдағы уақытта «Тельман» тұрғын алабында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын амбулаториялық кешен салынады. Эскиздік жоба келісілді, жұмыс жобасын әзірлеу сатысында тұр. Сондай-ақ «Пригородный» тұрғын алабында бір ауысымда 150 адам қабылдайтын амбулаториялық кешен салынады. «Интернациональный» тұрғын алабында да дәл сондай медициналық нысан салынады,- деп жазылған басқарма берген мәліметте.

Сонымен қатар «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы және «Capital park» тұрғын үй кешені аумағында да амбулаториялық кешендер салынады.

Берік Арманов
Бөлісу: