Астанада 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа маршрут шығады

15 Тамыз 2023, 18:40 996

Елорда тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Астана қаласында маршруттар саны артады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар шығады - №49 және №57.

№49 бағдар Мамандандырылған ХҚО-ны Бас мешітпен байланыстырады. Бұл «Көктал-1» – «Көктал-2» ТА және «Көктал» паркі «Жағалау» ТА-мен көлік байланысын жүзеге асырып, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

№57 бағдар «Нұрлы жол» теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде жолаушылар тасымалдауға, Сығанақ, Сарайшық және А.Байтұрсынұлы көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: