Астанада 300-ден астам отбасы баспаналы болды

18 Желтоқсан 2022, 01:42 1397

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуын Мемлекет басшысыны бақылауына алған

Елордада 300-ден астам үлескер отбасы баспаналарының кілтін алды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өздеріңіз білетіндей, алдымызда қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау міндеті тұр. Осыған дейін әкімдік 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған болатын. Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды. Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Біз өз тарапымыздан өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастырамыз. Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында мегаполис басшысы Жеңіс Қасымбек.

Белгілі болғандай, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуын Мемлекет басшысы өз бақылауына алған.

EL.KZ
Бөлісу: