Астанада 3 қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт шықты

12 Шілде, 19:00 687

Астанада үш қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт шықты. Оқиға Чубары шағынауданында бүгін болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер 5 шаршы метр алаңдағы қызыл жалынды толығымен сөндірді. Қазіргі таңда төтеншеліктер оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

ТЖМ төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмеріне хабарласу керектігін ескертеді.

 

Зарина Арман
Бөлісу: