Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордалық тұрғын көршісінің зергерлік бұйымдарын қолды еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін қала тұрғыны демалыста жүргенде бөлмесінен әшекей бұйымдарының жоғалғанын байқап, полиция қызметкерлеріне арыз қалдырған.
Алматы аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, ол кінәсін мойындады. Анықтау барысында ол ұрланған алтын бұйымдары ломбардқа тапсырып жібергенін жасырмаған.
Анықталғандай, өткен жылы 24 жастағы жігіт жәбірленушінің отбасымен бірігіп, Құдайбердіұлы көшесіндегі көп қабатты үйден пәтер жалдағаны белгілі болды. Ол ерлі-зайыптылардың басқа қалаға кеткендігін пайдаланып пәтердегі жәбірленушіге тиесілі шкафта тұрған алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Сөйтіп жас жігіт 390 мың теңгеге жуық әшекей бұйымдарды ұрлаған, - деп мәлімдеді ПБ өкілі.
Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары