Жедел жәрдем қызметкерлері анасы мен қызын №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына әкелген. Қабылдау бөлімінде ауыз қуысындағы ақ дақ, денедегі бөртпе, қызудың көтерілуі қызылша инфекциясының белгісі екенін түсіндірген. Қажетті мәліметті алған соң, емделуші мен жақынын палатаға жайғастырған. Осылайша, педиатр, инфекционистің қабылдауында болып, 5 күн ем-дом жасаған.
Қызуы көтеріліп, жөтелген соң тұмау деп ойладым. Бұдан бұрын бронхит болып ауырған соң, тамағы мазалаған шығар деген ой келді. Қызылша инфекциясын жұқтырғанын жедел-жәрдем анықтады. Дәрігерлердің жұмысына, еміне көңілім толды. Уақытылы келіп, қарап, бақылады. Бірақ олар адам көп болған соң шаршап, үлгермей жүргені білінді, – деді ата-ана Райхан Нұрсаятқызы.
Педиатр Сұлушаш Қожабайқызының айтуынша, қызылшаның белгілері ЖРВИ-ға ұқсас:
Қызылшаның ерекшелігі – ұрттағы Филатов-Коплик дақтары мен денеге бөртпе. Филатов-Коплик дағы – екі ұртта кездесетін сұр түсті майда дақ. Оған қоса, таңдайдан қызыл түсті майда бөртпені байқайсыз. Денеге осы бөртпе шықпай тұрып, осы белгілер арқылы қызылша инфекциясы жұққанын анықтаймыз. Ал бөртпе жоғарыдан төменге қарай шығады. Яғни, бірінші күні бас пен құлақтың артына, бетіне бөртпе шығады. Екінші күні аяқ-қолға шығып, денесіне жайылады. Денесіне толығымен бөртпе шыққан бала вирус тасымалдай алмайды, – дейді педиатр Сұлушаш Едіге.
Дәрігердің сөзінше, инфекция ауа-тамшылары арқылы (түшкіру) таралады. Вирус таратушымен бір бөлмеде отыру арқылы жұқтырып алуыңыз бек мүмкін. Өйткені бұл инфекция 99,9% коннект арқылы жұғады. Адам қызылша жұқтырғаннан бастап, ауру белгілері білінгенше жұқпа таратушы есебінде. Сол үшін карантин талабын сақтаған дұрыс.
ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 2025 жылы 4 240 бала қызылша жұқтырған. Вирус жұқтырғанның 77,55%-ы – екпе алмағандар. Басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев айтуынша, былтыр 2024 жылмен салыстырғанда жұқтырғандар саны 6,75 есе төмен. Осылайша, өткен жылы 1 жастағы 323,7 мың бала және 6 жастағы 348,3 мың бала қызылшаға қарсы вакцина алған.
Ал ел ішінде кейінгі аптада 483 адам қызылша жұқтырған. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 4,2-ні құрады.
Астана қалалық СЭС-тің хабарлауынша, қызылша ауруының таралуы жалғасып жатыр. Жыл басынан бері аурудың 384 бастапқы жағдайы тіркелсе, соның ішінде 234 жағдайды (61%) зертхана растаған.
Науқастардың көпшілігі – бала. Расталған 234 жағдайдың 218-і (93,2%) – 14 жасқа дейінгі балалар. Расталған жағдай бойынша қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 14,8-ді құрады.
Негізгі тәуекел тобы - вакцинация алмаған балалар. Ресми дерек бойынша, 219 бала екпе алмаған. Соның ішінде 114 бала екпе алудан бас тартқан екен. Инфекция жұқтырғандардың арасында вакцинация жасына жетпеген балалар (26,5%) бар.
Педиатр Сұлушаш Қожабайқызының айтуынша, қызылша – салдары ауыр инфекция түрі. Әсіресе, екпе алмаған балаларда түрлі асқыну жүреді. Постинфекциядан соң пневмония, диарея көрініс беруі мүмкін. Сирек кездесетін, бірақ ең қауіпті асқыну – панэнцефалит (мидың қабынуы), сал аруы. Бірақ бұл бірден пайда болмайды. 5-6 жылдан кейін де көрініс беруі мүмкін. Қызылша қоздырғышы арқылы пайда болады. Алдын алу үшін бала ағзасын қалпына келтіру керек. Витамин А, симптоматикалық түрде ем тағайындаймыз. Ең алдымен, балаға күтім қажет:
Постинфекциялық кезеңде балаға қосымша ем қажет болады. Имунитетін көтеру, дефицитті , ішек-микрофлорасын қалпына келтіру керек. Жиі ауырса дәрігерге қаратып, ауырмаудың жолын іздеген жөн.