Астанада 19 жасар жігіт бір үйде тұратын көршісінің алтын бұйымдарын үптеп кеткен

14 Тамыз, 03:40 1522

Астанада 19 жасар жігіт бір үйді бірге жалға алып тұратын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Күдікті оңай олжасын ломбардқа өткізіп үлгерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға жәбірленуші келіншек арызданған. Айтуынша, күйеуімен бірге төрт бөлмелі пәтердің бір бөлмесінде, қалған бөлмелерде өзге жалға алушылар тұрған. Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі-зайыптылар құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Алматы» ауданы ПБ полицейлері ұрлықты аталған пәтерде тұратын көршілердің бірі жасағанын анықтады. 19 жастағы азамат күндізгі уақытта ерлі-зайыптылардың жұмыста болғанын пайдаланып, бөлмеден алтын білезік пен алқаны ұрлағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды,-делінген Астана қалалық ПД мәліметінде.

Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: