Астанада 15 жыл іздеуде жүрген қырғызстандық азамат қолға түсті

11 Тамыз 2023, 23:52 1040

Полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды. 2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемді мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: