20.07.2023
10:15
1240
Астанада 15 автобустың жүретін бағыты өзгерді

Астанада 15 автобустың жүретін бағыты өзгерді

Астаналық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің бағыты уақытша ауысқанын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бүгіннен бастап 24 шілдеге дейін Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүреді.

Осы бес күнде № 5, 5А, 9, 11, 28, 60, 13, 15, 15А, 41, 44, 48, 51, 64, 71 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.