Астанада 14 жасар қыз суицид жасады

2 Қараша 2022, 19:42 1473

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Астанада жасөспірім қыз суицид жасады, деп хабарлайды El.kz

2 қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне шұғыл хабар түскен. Онда Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған. Тексеру барысында бұл факті расталды.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол - 19-шы қабаттан секірген 14 жасар қыз болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: