21.06.2024
10:10
810
Астанада 14 автобус бағдарын өзгертті

Астанада 14 автобус бағдарын өзгертті

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін еске салды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 10, 37, 40, 49, 51, 53, 60, 302, 303, 308, 309, 201, 320, 323 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.