Астанада 1100-ден астам адам қаржылық сауаттылық курстарын оқыды

15 Наурыз, 04:37 616

"Қарызсыз қоғам" жобасы ретінде халықты несиелендіру мәселесін шешудегі алғашқы қадамдардың бірі және  қазақстандықтарды оқытуда қандай тәсілдер қолданылатынын қаржы сарапшысы Жұлдыз Ахметова айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, 150 қаржы сарапшысы қатысқан "Қарызсыз қоғам" жобасы өз жұмысын осы жылдың 5 ақпанынан бастады.

Жоба аясында қазақстандықтарды отбасылық бюджетті жүргізуге, депозиттерде ақша үнемдеуге, банктердің кредиттік өнімдеріндегі айырмашылықты түсіндіруге үйретеді, қажет болған жағдайда сарапшылар жеңілдетілген кредитке немесе гранттық конкурсқа жоба үшін бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Сондай-ақ, мұнда жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері бойынша кредиттік қарыздарды қайта құрылымдау, шоттарды бұғаттау мәселесі бойынша тегін заңгерлік кеңес беру және сүйемелдеу жүзеге асырылады, - деді Жұлдыз Ахметова.

Оның айтуынша, оқыту күндізгі форматта 50 адамға дейінгі топтарда бес жұмыс күнінде өтеді. Жобаны екінші деңгейдегі банктер қаржыландырады. Тікелей ұйымдастырушылар – AMANAT партиясы және "Ұлы дала" ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығы.

Жұлдыз Ахметова жоба сарапшылары мен ұйымдастырушылар барлық өңірлер бойынша оқуға қатысушылармен тұрақты кездесулер өткізетінін атап өтті. Олардың ішінде: қаржылық проблемалары бар отбасылар, ірі алаяқтардың құрбандары, банктер мен микроқаржы ұйымдарының борышкерлері. Сабақтарда тәжірибелі заңгерлер банкроттық, несиені қайта құрылымдау мәселелері бойынша кеңес береді, мәселелерді шешуге және несие берушілермен қарым-қатынас алгоритмін құруға көмектеседі. Қосымша табыс көзін іздеу және дұрыс қаржылық мақсат қою мәселелері қарастырылады.

Біз өз шығындарымызды қалай оңтайландыруға, несиені өтеу шешімін табуға үйретеміз. Біз қаржылық сауаттылықтың негіздерін қарастырамыз, яғни күнделікті бюджетті қалай жүргізу керек, кірістер-шығыстар, активтер-міндеттемелер дегеніміз не, қаржылық бағалаудың негіздерін талдаймыз, эмоционалды сатып алулар туралы, алаяқтық схемалар туралы, қаржы құралдарын пирамидалардан қалай ажыратуға болады және алаяқтарға желіге қалай кіруге болмайды. Тегін заң көмегін алудың міндетті шарты-оқудан өту. Бүгінгі таңда елордада 1100-ден астам адам оқудан өтті. Оқуға https://qogamfin.kz сілтеме бойынша жазыла аласыз, - деді сарапшы.

Қорытындылай келе, бизнес-тренер бүгінде өз қаражатымен өмір сүре білу тек пайдалы дағды емес, қажеттілік екенін айтты.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйрену керек. "Қарызсыз қоғам" қаржы сарапшылары еліміздің барлық облыстары мен үш мегаполисінде 750 мыңға жуық қазақстандықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Жоба 2024 жылдың 13 желтоқсанына дейін жалғасады.

Зарина Арман
Бөлісу: