Астанада 11 автобустың бағыты өзгерді

3 Қыркүйек, 23:15 283

3 қыркүйек күні жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астанада 11 автобус бағыты өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, бағыттар жөндеу жұмыстары аяқталғанша ғана өзгерген.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 57, 60, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: