27.06.2022
19:00
2042
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады

Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады

Astana Qazaqstan Team велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды El.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Шосседе өтетін көпкүндік веложарыс 1-24 шілде аралығына жоспарланған.

Қазақстандық команда құрамында 8 спортшы бар. Олар - Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан, Джо Домбровски (АҚШ), Алексей Луценко (Қазақстан), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия) және Андрей Зейц (Қазақстан).

Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия).