«Астана – жүрегім»: 6 шілдеде шеткі аймақтарда концерттер өтеді

2 Шілде, 22:39 624

Астана күнін мерекелеу аясында 6 шілде күні қаланың 5 ауданында орналасқан шет аймақтағы тұрғын үй алаптарында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Астана – жүрегім» атты жазғы мерекелік концерттері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шараларда Досымжан Таңатаров, Медет пен Клара Салықовтар, DOS, Мади Кадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Бауыржан Исаев, Актоты Болышева, Ералы Момышев, Әкімхан Маженов сынды отандық эстрада жұлдыздары және Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің әртістері өнер көрсетеді.

Мерекелік концерттер өтетін орындар:

Алматы ауданы:

11:00-де Ақбұлақ өзенінің жағасы;
15:00-де «Промышленный» тұрғын алабы;

Байқоңыр ауданы:

11:00-де «Өндіріс» тұрғын алабы;
15:00-де «Кирпичный» тұрғын алабы;
11:00-де «Өндіріс СМП» тұрғын алабы;
11:00-де «Казгородок» тұрғын алабы;

Есіл ауданы:

11:00-де «Пригородный» тұрғын алабы;
15:00-де Бәйтерек монументі;

Нұра ауданы:

11:00-де «Үркер» тұрғын алабы;
15:00-де Мереке парк.

Сарыарқа ауданы:

11:00-де «Қорғалжын» сквері;
15:00-де «Көктал» саябағы;
11:00-де «Агроқалашық» тұрғын алабы.

Зарина Арман
Бөлісу: