«Астана-Жезқазған» пойызында жүкті келіншек босанып қалды

7 Желтоқсан 2022, 08:20 935

Келіншекті бригада қызметкерлері босандырып алған

«Астана-Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жүкті келіншекті пойызда босандырып алды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

5 желтоқсан сағат 11:17-де «Астана-Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектескен.

Жұбайымен бірге Қарағандыдан Жезқазғанға бара жатқан жүкті жолаушының толғағы басталады.

Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Пойыз бастығы нұсқаулыққа сәйкес пойыз жүргізушісіне хабарлап, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Жезқазған станциясына келген соң жолсеріктер анасын қызымен бірге жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Жас ата-ана жаңа туған нәрестенің есімін Арай деп қойды, - делінген ақпаратта.

EL.KZ
Бөлісу: