Астана жастары ұйымдарының көшбасшылары жастар жылына арналған жобаларды талқылады

11 Қараша 2018, 10:16 1602

Жастар ұйымдарының көшбасшылары алда келе жатқан жастар жылына арналған жобаларды талқылады.

Астана жастары өзекті мәселелерді шешуге өз идеяларын ұсынды 

Елордада «Жастар жылы - жалынды жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Астана қаласы Қоғамдық даму департаменті және Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел ашық сұрақ-жауап форматында өтті. Басқосуда «Жарасым», «Астана жастары», «Қазақстан студенттерінің Альянсы» және «Бірлік» қоғамдық қорының өкілдері сөз сөйледі. 

«Біз үшін ең бастысы - жастардың өміріндегі әлеуметтік мәселелерді шешу, сондықтан идеялар үшін нақты негіздер мен критерийлер жоқ. Мұнда жастар біздің өміріміздің барлық салалары: мәдениет, білім беру, спорт, жастар кәсіпкерлігі, стартап жобаларды дамыту туралы өз ойларын ортаға салуы мүмкін. Сондай-ақ «Жастар жылы» жүзеге асырылатын жобалар талқыланады», - деп хабарлады Қазақстан xалқы Ассамблеясы жанындағы "Жарасым" республикалық жастар бірлестігінің басшысы Тимур Жумурбаев. 

Елордалық студенттер білім беру, көптілділік және мәдени даму саласындағы өз идеяларын ұсынды. Кездесу барысында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті ағылшын тілін жетілдіру мақсатында ауылдық мектептердің оқушылары үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу жоспарына ғаламтор желісі арқылы мүмкіндік беру туралы идеясын ұсынды. 

astana.gov.kz

Бөлісу: