Астана тұрғынына Швециядан есірткі салынған қорап жіберілген

30 Сәуір, 10:34 13489

Астанада поштада ішінде есірткі заты бар қорап табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен 30 сәуір күні Қазақстан шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қызметкерлердің халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Швециядан келген салмағы – 479,94 грамм «гашиш» есірткі заты бар қорап табылды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚПК-нің 201-б. талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: