Астана тұрғыны айыппұл төлемегені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгiн, 13:00 198

Астана тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот қала тұрғынын бірнеше рет лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін кінәлі деп танып, 240 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Сотталған азамат сот орындаушысына айыппұлдың 196 миллион теңге көлеміндегі бөлігін өтегені туралы түбіртектердің көшірмелерін ұсынған.

Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл соманың мемлекет кірісіне түспегені және айыппұл төленбегені анықталды, ал түбіртектердің қолдан жасалғаны белгілі болды.

Прокуратура нұсқауы бойынша сот орындаушысы сотқа айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы өтініш білдірді, бұл өтініш қанағаттандырылды. Айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – деп хабарлады қадағалау органында.

Жасанды түбіртектерді ұсыну дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: