09.12.2022
12:41
1523
Астана тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды

Астана тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды

Елорда тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 8 желтоқсан күні болған. 102 арнасына сағат 10:53-те Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түседі. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жігіт 25-қабаттан құлаған.

ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.