Астана тұрғындары өрт-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты

2 Қыркүйек 2023, 23:34 763

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ТЖ министрлігі көпқабатты тұрғын үй кешендерінде оқу-жаттығулар өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2 қыркүйекте министр Сырым Шәріпхановтың қатысуымен Астанада Иманов, 41 мекенжайында орналасқан «Жар-Жар» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың дұрыс іс-әрекеттері адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алуға мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу барысында тұрғындармен өрт және басқа да ТЖ туындаған кезде қауіпсіз мінез-құлық бойынша түсіндірме әңгімелер өткізілді. Білімді бекіту үшін тұрғындар өз іс-әрекеттерін тәжірибеде пысықтады.

Балаларға ерекше көңіл бөлінді. ТЖМ қызметкерлері оларды өздерінің техникалары мен жабдықтарымен таныстырды. Балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтарын қызығушылықпен сынап көрді. 

Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында ТЖМ бөлімшелері адамдарды құтқаруға және эвакуациялауға арналған құралдардың қолда бар түрлерін қолдана отырып, биік үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтады.

ТЖМ халықты қауіпсіздік шараларына үйретуге барынша күш жұмсайды. Көпқабатты үйлердің тұрғындарын тарта отырып, осындай оқу-жаттығулар еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі.

Берік Арманов
Бөлісу: