Астана тұрғындары Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде көре алады

26 Шілде, 17:31 386

Бүгін, 26 шілдеде, Париж жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шара Астананың бірнеше нүктесінде тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, сағат 22:15-те тікелей эфирде олимпиаданың салтанатты ашылуын елорданың мына орындарында көруге болады:

- Орталық саябақтағы «Қазақстандық күн» (сағат) монументінің аумағында;

- Mega Silkway лед экраны (ЭКСПО жағынан);

- Тұран даңғылы - Қонаев көшесі;

- Б. Момышұлы даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы;

- ЭКСПО аумағындағы экран;

- Арбат (Жағалау).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: