Астана түрмесіне әйел ұзақ мерзімді кездесуге жалған құжатпен кірмек болған

26 Қыркүйек 2022, 13:38 1930

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді

Астана түрмесіне әйел ұзақ мерзімді кездесуге жалған құжатпен кірмек болған, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана тұрғыны өзінің азаматтық некедегі күйеуіне ұзақ мерзімді кездесуге жалған жасалған баланың туу туралы куәлігімен келген. Жауапты қызметкердің айтуынша, аталған құжат жалған екені бірден көрінген. 

– ҚАЖ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, ұзақ мерзімді кездесулер, жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен, сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарға бірге тұру құқығымен және сәлемдеме алу құқығымен берiледi. Осыған байланысты сотталғандардың таныстары азаматтық некедегі жұбайлары ортақ балдары болмауына байланысты әртүрлі заңсыз іс-әрекеттерге барып жатады. Алайда мекеме қызметкерлерінің мұхияттығының арқасында ұзақ мерзімді кездесуді заңсыз қолданудың алды алынды, – деді Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті №2 мекемесінің бастығы Нұрлан Беков.

 Бұл іс-әрекет ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттердін қатарына жатады. Қазіргі таңда Ақмола облысы ПД Аршалы ауданы бойынша Полиция басқармасымен ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігімен (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: