Астана су қоймасында екі балықшы құтқарылды

26 Тамыз, 12:17 306

25 тамыз күні Ақмола құтқарушыларына 2001 және 2003 жылдары туған екі ер адам балық аулауға барып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, балықшыларды іздеуге құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция жұмылдырылған. Үйлесімді жұмыстың арқасында жас жігіттер бүгін табылды.

Белгілі болғандай, түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағаннан кейін олар өздігінен орала алмаған. Оған қоса балықшыларда құтқару кеудешелері мен байланыс құралдары болған жоқ, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: