Астана-Семей бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды

28 Қазан, 15:27 384

Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, Астана-Семей бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.

«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе. Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т.б. жабдықталған, - делінген Көлік министрлігінің мәліметінде.

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: