Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты "Астана-Петропавл" тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«4 наурыз сағат 10-00 жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (жолдың көрінуі шектеулі, бұрқасын) республикалық маңызы бар (18-231 ш., Астана-Петропавловск) автожолы, «Астана - Щучинск» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық»,- делінген ТЖД хабарламасында.