Астана процесі өз жұмысын аяқтады

21 Маусым 2023, 18:23 1122

Бұл туралы сыртқы істер вице-министрі Қанат Тумыш Астана форматында Сирия бойынша ХХ халықаралық кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осы уақытқа дейін қол жеткізілген жетістіктерді, оның ішінде Сирияның араб отбасына оралуын назарға ала отырып, Сирия бойынша бүгінгі отырысты Астана процесіндегі соңғы іс-шара деп ресми жариялаймыз. Бұл шешімді бірлескен мәлімдемеге енгізуді сұраймыз, - деді ол.

Сондай-ақ ол Астана форматы халықаралық кездесуінің қол жеткен нәтижелерімен бөлісті.

2017 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін кепілгер елдер Иран, Ресей және Түркияның мәмілегерлігімен, сондай-ақ БҰҰ қолдауымен Сирия жөніндегі халықаралық кездесулердің 20 раунды ұйымдастырылып, оның 18-і Қазақстанда өткізілді. Қазақстанда өткізілудегі Сирия жөніндегі Астана форматы шеңберіндегі жанжалдасушы тараптар арасындағы қантөгісті тоқтату, адам шығынын азайту сияқты басты мақсаттар орындалды, - деді вице-мнистр.

Келіссөзге кепілгер елдер – Ресей, Түркия және Иран делегациялары, сонымен қатар Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция өкілдері қатысуда.

Астана процесі аясында Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі ХХ халықаралық кездесу аса нәтижелі аяқталды. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасы өзінің мүмкіндіктеріне туыстас Сирия халқының және Сирия процесін қолдауға күш-жігерін салып келеді. 2017 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін кепілгер елдер: Иран, Ресей және Түркияның мәмілегерлігімен, сондай-ақ БҰҰ-ның қолдауымен Сирия жөніндегі халықаралық кездесудің 20 раунды ұйымдастырылып, оның 18-і Қазақстанда өткізілді, - деді Қанат Тумыш.

Кеше басталған келіссөздерге байқаушы елдер де келген. Олардың қатарында БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдері бар.

Келіссөздің негізгі күн тәртібі салмақты. Онда Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуал, ондағы өзгерістер, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары сынды мәселелер қамтылған.

Вице-министрдің сөзін Астана процесі 6 жыл ішінде өз әлеуетін толықтай көрсете білді.

Жалпы, Астана процесі 6 жылдың ішінде Қазақстанның ілгерілік бағытындағы өз әлеуетін көрсетті. Сирия халқын қиын да тағдырлы кезеңде біз Астана процесінің барлық қатысушысының елеулі үлесін ризашылықпен атап өтеміз. Барлық қатысушының жақсы ниеттері мен бітімгершілік күш-жігері мен жұмылдыру арқылы осы асыл миссия мәлімделген мақсаттарға қол жеткізеді деп сенеміз, - деді вице-министр.

Астана форматында Сирия келіссөзінде делегация басшысы Алексей Лаврентьев Қазақстнның бұл шешімі олар үшін күтпеген шешім болғанын айтады. Оның сөзінше, әлі де проблемалар бар.

Біз Қазақстанға диалог алаңын құруға мүмкіндік бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Алты жарым жыл уақыттың ішінде біраз шаруа атқарылды. Қазақстан тарапы өз территориясында өткізуді осымен аяқтауды шешсе, біз, әрине, онымен келісеміз. Алдағы уақытта ХХІ кездесу өтетін болады. Бірақ ол қашан, қайда өтетінін біз әлі шешпедік. Шынын айтсақ, Қазақстанның бұл шешімі біз үшін күтпеген шешім болды, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі Сирия бойынша кезекті ХІХ кездесу былтыр 22-23 қарашада Астана қаласында өткен болатын.

Осыдан алты жылдай бұрын Сирияда тұтанған соғыс өрті әлі толастаған емес. Алдымен ресми билік пен оппозиция ұстасты. Олардың арасындағы текетірестің арқасында халықаралық террористер тұтастай территорияларды жаулап ала бастады. Тыныштық іздеген халық бас сауғалады, босты, Еуропа ауды. Миллиондағандардың тағдыры тәлкекке кетті, қыршыннан қиылған адам санының нақты статистикасы белгісіз, дөп басып айту да оңай емес.

Ақыры Сириядағы дағдарысқа әлемнің «мен деген мемлекетінің» бәрі араласа бастады. Бейбітшілік орнатуға көмектесеміз деген топтардың бір бөлігі Дамаскінің ресми билігін қолдаса (негізгі жақтастар Ресей, Иран және соңғы кездері Түркия), енді бір бөлігі Басадты тақтан тайдырмаққа бекінген оппозицияны қолдайды.

Алайда, осы тараптардың әрқайсысына да ең бірінші жау - ДАИШ аталатын террорлық топ. Дегенмен, терроризммен күресті жандандыру ресми билік төңірегіндегі дау-жанжалдың түйінін тарқатпай тұрып еш мүмкін болмайтынын да танытып отыр.

Сүйтіп, дүниенің алпауыттары араласқан мәселе бойынша осы өңірдегі соғыстың тоқтауына барлық тарап та мүдделі секілді көрінеді. Әйтсе де, осы уақытқа дейін бейбітшілік қамы үшін бас қосып, келіссөздер жүргізіп, тайталасып жүрген әр тарапты бір «дастархан» басында біріктіре әңгіме-дүкен ашатындай жағдай тумаған. Әсіресе ресми Дамаск билігі мен оған қарсы оппозиция топтарын бір үстел басына отырғызу тұрмақ, келіссөздерге шақыру да мүмкін болмаған. Бұған бір жағынан Башар Асадтың өз ұстанымынан қайтпайтын бірбеткейлігі себеп болса, екінші жағынан оппозицияның тұтас емес, тарам-тарам бөлінуі де өз кесірін тигізіп келді. Оппозицияның шашыраңқы болуынан келіссөздер жүргізу де шынымен мүмкін емес еді. Сондықтан да, сырттағы мүдделі тарап оппозициялардың басын қосып, оларды бірнеше топтарға бөлді.

Қолына қару алған оппозиция өкілдерінен, сосын шетелде тұрып жатқан оппозиционерлерден үкіметпен сұхбаттасуға дайын болатын топтар қаралды. Нәтижесінде Сауд Арабиясымен ынтымақтастықта болған оппозиционерлер бірігіп «эр-риядтық» деп аталатын топ пайда болды. Дәл осындай топ Мысыр дипломаттары тарапынан жасақталып, «каирлық» топ та пайда болды. Бұдан бөлек, «мәскеулік» оппозицонерлер тобы құрылды, Қазақстан да «өз алаңы» астында кездеуге дайын оппозицонерлерді жинап, «Астана» тобын құрған.

Осылайша, бейбітшілік жолындағы мүдделер мен миссиялар тоқталған емес. Соның бір көрінісі ретінде Астана процесін атауға болады. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Тұрақты емес мүшелікті қабылдаған жылы Астанада Сирия жөніндегі келіссөздердің ұйымдастырылуы да еліміздің әлемдік іске бел шеше кіріскенін айғақтайтын тәрізді. Екі күн бойы әлемнің назары тағы да Еуразия кіндігіндегі Астанаға ауды. Сирия ахуалына қатысты ақпарат таратуға дүниенің әр түкпірінен 320 журналист пен 120 отандық БАҚ өкілі атсалысты.

Астана Сирия келіссөзі үшін кездейсоқ таңдалған жер емес

Астанадағы «Rixos President Astana» қонақ үйінде Сириядағы шиеленісті реттеу бойынша халықаралық келіссөздер екі күн бойы жабық есік жағдайында өтті. Бұл шараға Сирия мәселесін тығырықтан шығаруға мүдделі 7 тараптың өкілі қатысты. Олар:

1) Сирия үкіметінің делегациясы, оны БҰҰ жанындағы ресми Дамасктың тұрақты өкілі Басар әл-Джафари басқарды.

2) Сирия билігіне қарсы оппозициясының делегациясы, онда шамамен 15 топтың өкілі бар.

3) Ресей делегациясы, оны РФ президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарды.

4) Түркия делегациясы, басшысы - Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал.

5) Иран делегациясы, басшысы Садек Хусейн Джабери Ансари.

6) Сириядағы дағдарысты реттеу процесі БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стаффан де Мистура.

7) АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Крол.

Халықаралық саясатта Астана процесі деген атауға ие болған алқалы жиынға Қазақстанның тікелей араласа алмайтыны түсінікті. Дегенмен, осы процестегі еліміздің ұстанымы айқын. Бұл ұстаным - алты жылға жуық қақтығыстан көз ашпаған, жүз мыңдаған адам құрбан болған қантөгісті тоқтатуға үлес қосу. Осылайша, бейбітшілікке үндейтін, бейтарап ұстанымға берік ел екенін тағы да аңғартқан Қазақстан тараптарға басқосу үшін алаң ұсынып, тұрақтылық келіссөзін жүргізуге барынша тиімді жағдай туғызып отыр.

Айта кетерлігі, осы арқылы Қазақстан әлемде мәмілегерлік миссиясымен де таныла түсуде. Шындығында, мәмілегерлік миссиясы Сирия мәселесінде де айқын көрінді.

Айталық, Сирия дағдарысы басталған сәттен бастап Қазақстан халықаралық қоғамдастықты қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырып, өзінің бейтарап ұстанымда екенін, мәселені шешуге мәмілегер болуға дайын екенін байқатып келген.

2015 жылы сәуірде Қазақстанда Сирия оппозициясы өкілдерінің қатысуымен келіссөздердің алғашқы раунды өтті. Былтырғы жылдың қазан айында келіссөздердің екінші раундын өткізуге мұрындық жасадық. Бұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та кездесуге қатысушыларға арналған үндеуінде білдірген болатын.

«Біздің еліміздің бүгінгі келіссөздерді өткізу орны ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылы Астанада бірқатар сириялық оппозиция топтары келіссөздерінің екі раунды өтті. Сирия халқына түскен ауыртпашылықты жеңілдету мақсатында сириялық босқындарға 700 мың доллардан астам көлемде қаражат бөлдік, жақында 500 тоннаға азық-түлік түрінде ізгілік көмек жолдадық. Осы басқосулардың арқасында бірқатар маңызды келісімдерге, атап айтқанда, гуманитарлық мәселелер бойынша - босқындардың қауіпсіз өтуіне дәліз қалыптастыру бойынша ортақ келісімге қол жеткізілді. Астана процесінен де осындай оң шешімдер күтіліп отыр», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астананың ресми ұстанымын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев процеске қатысушыларға жолдаған өзінің үндеуінен де аңғартты.

«Сирияда орын алып отырған күрделі жағдай әлем жұртшылығының назарын өзіне аударуда. Алты жылға жуық уақыт бойы жалғасып келе жатқан қанды қақтығыс түрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан өлкеге қайғы-қасіреттен басқа ешнәрсе алып келмегенін мойындауға тура келеді. Қазақстан бейбітсүйгіш мемлекет және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыс өңірінде қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнатылуына және нығаюына мүдделі. Бүгінгі басқосу халықаралық қоғамдастықтың Сириядағы жағдайды бейбіт түрде реттеуге бағытталған жігер-ынтасының айқын көрінісі болып табылады. Қазақстан Сириядағы жағдайды реттеудің жалғыз дұрыс жолы - өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздер болуы қажет деп санайды» - делінген Елбасының сәлемінде.

Расында, Қазақстан билігі мен дипломатиясы осыған дейін тарихи мәнге ие көптеген халықаралық келісімдердің қабылдануына мұрындық болып келді. Ел аумағында аса ірі халықаралық талқылаулар жүйесін тауып, табысты жүргізілді.

Айта кетерлігі, Сирия мәселелерін реттеу бойынша кездесу Ресей мен Түркия президенттерінің бастамасымен, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысты қуаттауымен өткен болатын. Бұл ретте Қазақстан келіссөздер жұмысына араласпайды, тек мүдделі тараптардың келіссөз жүргізуіне тиісті алаң ұсынумен шектеледі.

Жалпы, Астанадағы «жабық есік» жағдайында өтіп жатқан кездесуді халықаралық қоғамдастық оң қабылдап, Сирия жеріндегі дағдарысты еңсеруге игі ықпал етеді деген үлкен үмітпен қарап отыр. Қаңтар айының басында АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Астанадағы келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеген еді. Ал елші Джон Крол сынды тәжірибелі дипломаттың қатысуы АҚШ-тың осы ұстанымын айғақтай түседі.

Астана процесі үміттерге жетелейді

Астана процесі - бұл Сирияның ресми үкіметі мен қарулы оппозиция өкілдерінің алғаш рет бір-бірімен бетпе-бет келіссөз алаңында кездесуімен ерекшеленеді. Қарсы тарап бір үстел басында отырып қана қоймай, соғысты тоқтату режімін нығайту жолдарын тыңғылықты талқылауға дайын екендігін осы кездесуге қатысу арқылы қуаттады.

Осының өзі қай жағынан алғанда да Астана процесіне деген үміттің отын жағады. Сирия билігі мен оппозиция арасындағы барлық мәселелерді талқылау БҰҰ-ның арнаулы елшісін арағайындыққа жұмылдыру арқылы тікелей емес келіссөздер форматында өткен екен. Тұтастай алсақ, Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты алғашқы қадам Астанада жасалып отыр деуге келеді.

Айта кетерлігі, Сирияға байланысты негізгі келіссөздер Женева процесі аясында да алдағы ақпан айында жалғасады. Сондықтан да сарапшылар Астанадағы келіссөзді Женева кездесуінің табысты өтуіне оң ықпалын тигізіп, алғышарттар жасайтынына үмітті. Яғни, Астана процесі Женева келіссөздерін толықтыра түсетін маңызды бөлікке айналмақ. Бұл жайында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: «Астанадағы кездесу БҰҰ аясында Женевада өтетін келіссөздерді жаңғыртудағы маңызды қадам» деп мәлімдеген болатын.

Түйіндей айтсақ, елордадағы екі күндік келіссөз Сириядағы қақтығыстарды толықтай тоқтатып, жанжалды түгел жауып тастай алмайтыны түсінікті. Дегенмен, бұның өзі қақтығыстарды тоқтатуға соқтыратын себептерді, жолдарды іздеуге итермелейтін ізгі ниеттен туындаған бастама.

Яғни, Астана процесі - Сирия түйінін тарқатудың ең тиімді жолы. Сондықтан да, әлем жұртшылығын алаңдатқан мәселенің бітімгершілік жолмен шешілуіне сүбелі үлес қосу Қазақстанның халықаралық аренадағы абырой биігін одан әрі асқақтата түсері сөзсіз.

Сондықтан да, келіссөздің күрделілігіне қарамастан оның өтуінің өзін әлем сарапшылары оң нәтижеге балай бастады. Күрделі демекші бұндай келіссөздерден ең бірінші байқалатын мәселе - шашыраңқы болып жүрген Сирия билігіне қарсы оппозицияларды әлі де біріктіре түсу. Осы жолды реттемей басқаға кірісу күрделі бола түспек. Өйткені, бұған дейін де сол топтардың арасында бір-бірін немесе басқа тарапты ДАИШ-пен қатысы барлығына айыптау көрініс беріп келген болатын.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: