Астана полициясы азаматтарды 8 млн теңгеге сан соқтырған күдіктілерді ұстады

20 Мамыр, 02:48 553

Астана полициясы азаматтарды 8 млн теңгеге сан соқтырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шымкент қаласының 23-26 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

Автокөлік ұтыс ойынына қатысамыз деген желеумен интернет ресурстарын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілерге тиесілі қаражатты иемденген.

Полиция олардың осыған ұқсас 25 оқиғаға қатысы барын анықтады. Азаматтарға келтірілген материалдық шығын шамамен 8 миллион теңгені құраған.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: