18.09.2024
18:30
871
Астана полицейлері жалған жиһаз жасаушыны ұстады

Астана полицейлері жалған жиһаз жасаушыны ұстады

Алматы ауданының полицейлері бұрын жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген 39 жастағы ер адамды анықтады. Ол тапсырыс берушілерді алдап, ақшаларын жымқырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа клиенттер жиһаз жасаушыға таныстарының ұсынысы бойынша жүгінген. Ер адам тапсырысты уақытында орындайтынына сендіріп, азаматтардың сеніміне кірген. Жиһаз жасау мүмкіндігі жоқ екеніне қарамастан, клиенттердің үйіне барып, өлшемдерін алып, алдын ала төлем алған. Оның осындай төрт дерекке қатысы бар екені анықталды.

Шығынның жалпы сомасы шамамен 5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция азаматтарды кез келген жағдайда қырағы болуға шақырады