29.06.2024
06:33
978
Астана полицейлері терезеден құлаған балалар қатары көбейгенін мәлімдеді

Астана полицейлері терезеден құлаған балалар қатары көбейгенін мәлімдеді

Астанада жыл басынан бері 15 бала терезеден құлап кеткені ресми жария болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елордалық полицейлер ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырып отыр. Бұл орайда полиция негізгі қауіпсіздік ережелерін жариялады:
 
- бала үйде болса, терезені ашпаңыз;
 
- москит торларына ешқашан сенбеңіз, балалар сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;
 
- бала терезені өздігінен аша алмайтындай арнайы қорғаныс жүйелерін орнатыңыз (бекіткіштер, блокаторлар);
 
- барлық жиһазды, соның ішінде төсекті терезеден алыс қойыңыз.
Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуіне жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қала тұрғындарына қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді, - деп жазылған департамент хабарламасында.