Астана полицейлері әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді

12 Қараша 2023, 06:21 2140

Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық полиция департаменті сілтеме жасап. 

Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды (Кісі өлтіру). Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, - деп жазылған ПД таратқан мәліметте.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертіп отыр. 

Перизат Саденова
Бөлісу: