Астана-Петропавл тас жолы ашылды

23 Қазан 2022, 09:13 1138

Ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған жолдар жабылған болатын

Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астана-Петропавл тас жолының, Астана-Шучинск учаскесінің ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

«Бүгін сағат 8.00 кезінде ауа райының тұрақтануына байланысты елордадан республикалық маңызы бар Астана-Петропавл тас жолының 18-231 шақырымдарының аралығы және Астана-Шучинск учаскесі барлық көлік түрлеріне ашық», деп жазды ведомстводан.
Кеше сағат 23.10 шамасында ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған жолдар жабылған болатын.
Бөлісу: