Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана-Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді, деп хабарлайды El.kz
Нәтижесінде биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана-Павлодар авиамаршрутын іске қосты. Аталған бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде және оны сату бүгінгі күннің соңына дейін басталады.